Құраннан басқа діни кітаптарды дәретсіз оқуға бола ма?
Құраннан басқа діни кітаптарды дәретсіз оқуға бола ма?
6 жыл бұрын 12494

Ассаламуғалейкум! Қазір менің қолымда Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар туралы кітап бар. Бірақ дәретім жоқ. Оқи беруге бола ма?  Баубек.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммед (р.анһума) бойынша, хадис, фиқһ т.б. шариғи кітаптарды дәретсіз ұстау – мәкруһ. Имам Ағзама Әбу Ханифа (р.анһу) бойынша, ең дұрысы мәкруһ емес[1].

Ендеше, ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмір баяны жазылған кітапты дәретсіз ұстап оқудың күнәсі жоқ. Абзалы қайсы десеңіз, абзалы – оларды да дәретпен оқу. Бірақ дәретсіз де оқуға рұқсат.


[1] Әл-Фәтәуә әл-Бәззәзия. Китабус салаһ. 11 бөлім.

Абдусамат Қасым