Құйматасқа (бетон) таяммум соғуға бола ма?
Құйматасқа (бетон) таяммум соғуға бола ма?
8 жыл бұрын 6971

Бетон цементке таяммум соғуға бола ма? 

Таяммум деп, дәрет немесе ғұсыл алуға су жоқ кезде, яки, оны қолдану мүмкін болмағанда жер жынысына жататын заттарға қолды соғып, бетті және екі қолды шынтаққа дейін сипауды айтамыз.

Жер жынысына: отқа жанбайтын және ерімейтін барлық жер тектес заттар жатады[1]. Цементті де жер жынысы деп алсақ, одан құйылған бетонға да таяммум соғуға болады. Сондай-ақ, әк, керамикалық материалдар (жылтырауық жағылмаған, яғни, глазурлы емес керамика), кірпіш, тас, мрамор, құм, топырақ, шаң т.б. жер жынысына жататын заттарға таяммум соғуға болады. Ал, краскіленген дуал, әйнек, пластмас, тақтай, темір т.б. жер жынысына жатпайтын заттар (егер беті шаң басқан болмаса) таяммумға жарамсыз.


[1] Әл Кәсәни, Бадайғ, 1- том, 339 бет.

Абдусамат Қасым