Сәлеметсіз бе! Мысықты қатты жақсы көремін. Былтыр даладан марғау (мысықтың баласын) тауып, асырап жатырмыз. Үйге мысық келген соң, оған байланысты сұрақтар да пайда болды. Сұрағым: 1.Мысық үй ішін дәретімен былғаған жағдайда, сол төсеніште намаз оқуға болмайды ма, егер оның дәл қай тұсын былғағанын таппай қалсақ ше? 2. Көктем шыға мәселе туындады, табиғи инстинкт бойынша, еркек мысық іздеп мазаны алды және өзі де қиналды, содан соң кастрация жасаттырдық, бұл қате ме, дұрыс па? Мелиса Г.
Мысықтың зәрі нәжіс пе?
|
Сәлеметсіз бе!
1. Мысығыңыздың дәреті нәжістер қатарынан саналады. Сондықтан бөлмедегі төсенішке мысығыңыз зәрін сындырса, сол жері жуылады. Бірақ егер зәрі көзге көрінбей, кеуіп, зәрдің орны білінбесе, онда ол төсенішті жуу шарт емес. Өйткені мысық пен тышқанның көзге көрінбеген зәрі жоққа есеп дейді ғалымдарымыз. Алайда, ыдыс аяққа зәрі тиген жағдайда көрінсін, көрінбесін жуу ләзім.[1]
2. Ермек үшін емес, қажеттілік туындағандықтан хайуандарды кастрация жасаттыратын болса - рұқсат.[2] Сондықтан ол әрекетіңіз күнә болмас деген үміттеміз. Ең дұрысы – Аллаға мәлім.
[1] Ибн Ғабидин: әл-Хадияту – 66 бет.
[2] Ибн Ғабидин: әл-Хадияту – 210 бет.
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар
■
Іштегі жаман ойлар жазыла ма?
■
Қасқырдың терісін неге іледі? Үйге аңның терісін ілуге бола ма?
■
Хатым Құранды соңына дейін қалай аяқтауға болады, екі-үш парадан кейін тастап қойып жатырмын?
■
Имам намазда рукуға барғанда кешігіп келген адам үлгерсін деген мақсатта рүкуғды созуына бола ма?
■
Жаңа жыл қарсаңындағы жеңілдіктерді (скидка) пайдалануға бола ма?