Мәсінің табаны қажалып, қайысы жұқарған болса, мәсих тартуға бола ма?
Мәсінің табаны қажалып, қайысы жұқарған болса, мәсих тартуға бола ма?
6 жыл бұрын 6141

Ассалаумағалейкүм! Мəсі сатып алғанмын , табаны кішкене қажалған, сол жеріне ақырын су тамызсам су сіңіреді бірақ мəсінің іші құрғақ . Қояр сұрағым дəретке мəсі жарайма? Нұриля

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ханафи ғұлама Ибн Ғабидинның (Алла оны рахымына бөлесін) тұжырымы бойынша, егер мәсінің табаны аяқтың кішкене үш саусағының көлеміндей қажалып қатты жұқарған болса, ол мәсі – мәсих тартуға жарамсыз.

Ардақты ғалымға аталмыш үкімді түсінде Пайғамбарымыз ғалейһиссәләм білдірген екен. Ғалым былай дейді:

«Бұл үкім көрген түсіммен қуаттанады. Осы мәселені бірнеше күн бойы зерттеп-зерделегеннен кейін түсімде Пайғамбарымызды көрдім. Одан (с.а.у.) түсімде осы мәселе жөнінде сұраған екенмін. Сонда Алла елшісі (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Егер, мәсі үш саусақ көлеміндей жұқарған болса, мәсих тартуге кедергі» деп жауап берді. Бұл түс – хижри 1234 жылы болды. Барлық мақтау Аллаға тән. Одан кейін, ол мәселе жайында ашық түрде Шафиғи кітаптарынан көрдім»[1].   

Осы орайда, мынадай да сауалдар келіп жатады: мәсі тесіліп, астарындағы тігілген матасы көрініп тұрса, мәсих жарамды ма? Бұған жауап ретінде айтарымыз: Мәсі тесіліп, бірақ тігілген астары бүтін болса, ондай мәсіге мәсих тарта беруге болады. Бұған қатысты Ханафи ғалымдары былай деген:

«Мәсінің сыртқы қабаты ашылғанымен, астарында тері немесе мата тігілген болса, беткі жағыныңашылуы мәсих тартуға кедергісі жоқ»[2].


[1] Ибн Ғабидин: Роддуль Мухтар. 1/441 бет.  
[2] Ибн Ғабидин: Роддуль Мухтар. 1/437 бет

Абдусамат Қасым