Әссәләмуғалейкум! Және тағы бір сұрақ. Жұма күні жүніп болып қалсам, бірақ, сол күні ғұсыл алуға мүмкіндік болмаса, таяммум соғып мешітке жұма намазына баруға бола ма? Арман Ордабаев.
|
Ғұсылы жоқ адам жұма намазына таяммум соғып бара ала ма?
|
Уағалейкумәссәәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Егер, қалалы жерде үйге барып, жуынып келем дегенше, жұмаға кешігіп қалатындай үйіңіз алыс жерде орналасқан болса және ертерек шығып, (алыстағы) үйге барып келуге жұмыс орнынан немесе оқу орнынан жібермей жатса, онда ғұсыл үшін таяммум соғуға рұқсат. (Дәретті сумен аласыз).
Сондай-ақ, ауылды жерлерде күннің суықтығы себепті ғұсылдануға мүмкіндігі жоқ кісіге де (мысалы, күн суықта шомылатын моншасы болмаса немесе ақылы моншаға баруға ақшасы болмай жатса т.б.) ғұсылсыздықтан арылу үшін таяммум соғып, жұмаға баруына болады[1].
[1] Хашияту ибн Ғабидин –2/79 бет: Бәбут таяммум.
Өзекті сұрақтар
■
Қаза оразаларды ұстау үшін арнайы күн керек пе, әлде кез-келген күні ұстай беруге бола ма?
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?