Виномен маринадталған кәуәпті жесе бола ма?
Виномен маринадталған кәуәпті жесе бола ма?
7 жыл бұрын 6236

Әссәләмуғалейкум! Виномен маринадталған кәуәпті жесе бола ма? Бағдаулет Мамутов.

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Имам Ағзам Әбу Ханифа (р.а.): «Шарапта қайнатылған ет – ешқашан тазармайды», - деген[1]. Өйткені, жүзім шарабы және (кейбір дерек бойынша) құрмадан жасалған шарап - «ауыр  нәжіс» үкімінде. Сондықтан да, қайнатылу барысында ет өзінің бойына шарапты сіңдіріп үлгеретіндіктен Имам Ағзам "тазармайды" деп отыр[2].  Ендеше, шараппен маринадталған ет те таза емес. Шарап - нәжіс үкімінде. Сол себепті, ондай еттен пісірілген кәуәпті жеуге болмайды.

Осы тұрғыда, виномен болсын, мейлі өзге алкогольді ішімдіктермен болсын етті маринадтауға дінде жол жоқ. Имам Мұхаммед (р.а.) жүзім шарабымен қатар, өзге де мас ететін ішімдіктерді нәжістер санатына жатқызған. Алайда, шарап сірке суына айналса (уксус), оны (сіркені) қолдануға рұқсат.  


[1] Хашиуят Ибн Ғабидин – 2/409 бет.
[2] Оның шәкірті Имам Әбу Юсуф (р.а.) мұндай жағдайда етті үш рет таза суға қайнатып, үш рет кептіреді дегендігі деректерде айталады. Әйтсе де, мұндағы пәтуа - Әбу Ханифаның тұжырымы негізінде бекітілген.

Абдусамат Қасым