Ғұсылдан кейін қолындағы жағылған бояуды байқаса, қайта ғұсыл алуы керек пе?
Ғұсылдан кейін қолындағы жағылған бояуды байқаса, қайта ғұсыл алуы керек пе?
2 жыл бұрын 2643

Ассаламуағалейкум! Ғұсыл алғаннан кейін тырнағымнан красканы байқадым.Ғұсылды басынан алуым керекпін? Ахмет.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ғұсыл алып болғаннан кейін қолға жағылған бояудың қалдықтарын байқасаңыз, жағылған бояуды кетіргеніңізше кетіріп, сол бояудың орнын ғана жуа салыңыз, ғұсылыңыз толық болады. Қайтадан ғұсыл алудың қажеті жоқ. Әрине бұл – темір, ағаш бояйтын сыр сияқты терінің бетіне қабыршақ пайда ететін бояуларға қатысты. Ал мысалы сияның бояуы секілді немесе көк дәрінің (зеленка) бояуы сияқты, жағылған жағдайда терінің бетінде қабыршақ пайда қылмайтын бояулардың ғұсылға мүлдем зияны жоқ.

Абдусамат Қасым