Ғұсыл алу барысында дәрет бұзылса, ғұсылды бастан алу керек пе?
Ғұсыл алу барысында дәрет бұзылса, ғұсылды бастан алу керек пе?
7 жыл бұрын 14063

Әссәләмуғалейкум! Ғұсыл алып жатқанда дәретті бұзатын жағдайлар орын алса, ғұсылды басынан алу керек пе? Қанат

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Дәреттің бұзылуы – ғұсылдың бұзылуын тудырмайды. Сондықтан да, ғұсыл алу барысында дәрет бұзатын жағдайлардың бірі орын алған болса, ғұсылды қайта бастан алудың қажеті жоқ. Тек, дәретті жаңартсаңыз болғаны.

Имам ән-Нәуәуи (р.а.) бұған қатысты былай деген: «Ғұсыл алу барысында дәреті бұзылған кісі, ғұсылын әрі қарай тәмәмдай берсе болады. Дәреттің бұзылуы – ғұсылдың дұрыс болуына кедергі емес. Тек, намаз оқитын кезде дәрет алуы керек»[1].[2].


[1] Имам  Нәуәуи: Раузатут Талибин. Бәбул ғұсл. 
[2] Абдурраззақ әс-Санағани: Мусаннаф. №1038 хадис: Әзіреті Омардың немересі Сәлимның мынадай риуаяты хадис кітаптарында келтіріледі. Ол (р.а.) былай дейді: «Әкем ғұсылданып болғаннан соң, дәрет алды. Мен одан: «Ғұсыл жеткілікті емес пе? Ғұсылдан кәміл дәрет бар ма?», - дегенімде әкем (Абдулла ибн Омар): «Жүніп үшін ғұсылдан артық қандай дәрет бар! Тек, менің жыныс мүшемнен бір нәрсе шыққандай болды, сосын оны ұстадым, сол үшін дәрет алып жатырмын», - деп айтты».  

 

Абдусамат Қасым