Ғұсыл алатын суға қолды батырып көрсе, ол сумен ғұсыл алуға бола ма?
Ғұсыл алатын суға қолды батырып көрсе, ол сумен ғұсыл алуға бола ма?
6 жыл бұрын 7315

Ассаламу алейкум! Сұрағым келіп жүргені дәрет, ғұсыл алатын шелекте тұрған суға қолыңды батырып қараудың үкімі қандай?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Мүжтәһид ғұлама Имам Мұхаммедтен (р.а.) шәкірті ғалым Әбу Сүлеймен әл-Жүзжәни былай деп сұрайды.:

-Ғұсылы бұзылған «жүніп» жағдайындағы кісі ғұсылданғысы келіп, алайда шомылудан бұрын қолын ыдысқа батырса, кейін сол сумен ғұсыл құйынған болса, ғұсылы жарамды ма?

- Егер, қолында нәжіс болмаса, ғұсылы жарамды. Ал, қолы нәжіс болса, ғұсылы жарамсыз, - деп жауап береді Имам Мұхаммед (рахимаһуллаһ). Бұл мәлімет Имам Мұхаммедке тиесілі «әл-Асл» атты іргелі-негізді фиқһ кітабында келтірілген[1].  

Сондықтан да, дәрет суына не ғұсыл суына қолын батырып қарауына рұқсат. Ол су дәретке де, ғұсылға да жарамды. Тек қолы нәжістен таза болуы шарт. Қолы нәжіс болған күйі салған жағдайда, ол су жарамсыз.  


[1] Имам Мұхаммед ибн Хасан әш-Шәйбәни: әл-Асл. 1/48 бет.

Абдусамат Қасым