Дәретсіз тәспих тартып, зікір айтуға бола ма?
Дәретсіз тәспих тартып, зікір айтуға бола ма?
5 жыл бұрын 77645

Ассаляму алейкум. Менің сұрағым: Дәретсіз тасбих тартуға болады ма? Ақжайық.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Айша анамыз (р.а.) былай деген:

«Алла елшісі әркезінде Алланы зікір етіп жүретін»[1].

Аталмыш хадисті Имам Әбу Дәуід (р.а.) өзінің «сүнән» атты хадистер жинағында «Тахаратсыз Алланы зікір ететін адам жайында» атты бөлімінде келтірген. Осыған қарап-ақ жоғарыдағы хадистің дәретсіз немесе ғұсылсыз тәспих тартуға және зікір айтуға болатындығына дәлел екендігін аңғарамыз. 

Абзалы қайсысы десеңіз, әрине абзалы - дәрет алып немесе ғұсылы болмаса, ғұсыл құйынып, одан соң зікір етуі. Өйткені басқа бір сөзінде Пайғамбарымыз: "Мен тахаратсыз Алланы тілге алуды қаламадым" - деген. Бірақ, бұл "мұстахаб" екендігін білдіреді. Тахаратсыз да, Алланы зікір ете беруге болады. 

Дәретсіз не ғұсылсыз күйі Құран аятын оқуға бола ма? - дегенге айтарымыз: Дәретсіз Құран аяттарын жатқа немесе Құран кітабын ұстамай (тыссыз ұстамай), қарап оқуға болады. Ал ғұсылсыз Құран аяттарын жатқа болса да оқуға рұқсат жоқ. Сахаба Әзіреті Әлидің мынадай сөзі бар:

«Пайғамбарымыз (с.а.у.) әр күйінде (деретті не дәретсіз) бізге Құран оқуды үйрететін. Бұл - жүніп болмаған кездерінде»[2].  

Яғни, жүніп болып, ғұсылы бұзылған кездерінде Құран оқуды үйретпейтін, өзі де оқымайтын. 


[1] Әбу Дәуід: Сүнән – №18 хадис.
[2] Тирмизи: Сүнән - №146 хадис.

Абдусамат Қасым