Дәретхана мен қол жуғыш бірге орналасқан жерде дәрет алуға бола ма?
Дәретхана мен қол жуғыш бірге орналасқан жерде дәрет алуға бола ма?
7 жыл бұрын 21182

Әссәләмуғалейкум! Қазір көп жерлерде дәретхана мен қол жуатын орындар бірге орналасқан. Сондай жерлерде дәрет алуға бола ма? Серікжан.

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Әжетхана мен қол жуғыш бірге орналасқан жерде дәрет алуға болады. Оның еш ағаттығы жоқ. Тек, дәрет алар алдында айтылатын «бисмилләны» іштей айтасыз. Сахаба Абдулла ибн Аббастың (р.а.) шәкірті Икрима әл-Бәрбәри: «Әжетхана ішінде Алла тілмен емес, жүрекпен айтылады», - деген[1]. Одан бұрын, әжетханаға кірерде "аллаһуммә иннии әғузу бикә минәль хубуси уәл хәбә'ис" деп айтуды ұмытпаған жөн.

(Толығырақ төмендегі видеодан тыңдай аласыздар) 


[1] Бәдруддин әл-Айни (р.а.): Ъумдатуль Қари (Сахих Бұхаридің шархы). №142 хадис түсіндірмесі.
*Икрима ибн Абдулла әл-Бәрбари (м. 723 ж.) – сахаба Абдулла ибн Аббастың азатты құлы әрі шәкірті. Ол екі жүзге жуық сахабаның көзін көрген ардақты табиғин. Құран тәпсірінің ғалымы әрі Фиқһшы тұғын. Тіпті, Хасан Басри (р.а.) Икрима отырған жерде оның ілімін құрметтеп, Құран аятын тәпсірлемейтін, пәтуа айтпайтын болған екен. 

 

 

Абдусамат Қасым