Бір жарым жасар сәбидің зәрі тисе, дәрет не ғұсыл бұзыла ма?
Бір жарым жасар сәбидің зәрі тисе, дәрет не ғұсыл бұзыла ма?
8 жыл бұрын 26270

Әссәләмуғалейкум! Менің 1,5 жасар қызым бар еді. Алдыма зәрін жіберіп қойса, ғұсыл дәрет алуым керек пе? Гүлжамал

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Сәбидің зәрі тигені себепті дәрет те, ғұсыл да бұзылмайды. Тек, сол зәр тиген жерді жуып жіберу керек (ең кемі алақан ойығындай көлемде болған жағдайда). Не болмаса, киімді ауыстыру шарт. Неге десеңіз, Ханафи мәзхабында сәбидің де зәрі нəжіс ретінде саналады[1].

"Сахих Муслимде" келтірілген бір риуаятта Үмму Қайс бинт Михсан (р.а.) есімді сахаба әйел омыраудағы сәбиімен Пайғамбарымызға келеді. Әлгі сәби Алла елшісінің құшағына дәретін сындырып қояды. Пайғамбарымыз су сұратып, зәрі тиген жерге су құйып, аздап жуады[2]. Бірақ, дәретін жаңаламады.


[1] Маусули, Ихтияр: 1-том, 114 бет.
[2]Сахих Муслим – Китабут таһарат - №438 хадис. Осы хадистегі «وَلَمْ يَغْسِلْهُ غَسْلًا» сөйлемін Ханафи ғалымдары «қатты жумай аздап жуды» деп түсіндірген. Себебі ондағы «ғаслән» сөзі алдындағы етістікке күшейтпелі мағына беру үшін келеді. Сонда мағынасы: «Қатты жумай, аздап жуды» дегенге саяды.

Абдусамат Қасым