Дәрет алғанда басқа мәсіх тарту кезінде су қолымен бірнеше рет мәсіх тартуға бола ма? Әлде бір-ақ рет тарту керек пе?
|
Басқа бірнеше рет мәсіх тартудың үкімі қалай?
|
Басқа мәсіх тартарда қолды бір рет сулап, онымен бірнеше рет басты сипаудың зияны жоқ. Алайда, қолды бірнеше рет сулап, бірнеше рет мәсіх тарту - мәкрүһ. Өйткені, бұлай жасау – масих тарту емес, жуғанға есептеледі. Ал, Жаратушы Иеміз дәрет алғанда "басты жууыңдар" деп емес, "фамсәху" - масих тартыңдар» деп бұйырған[1].
[1] Маида сүресі, 6 аят.
Өзекті сұрақтар
■
«Ораза ұстаушының ұйқысы құлшылық болып саналады» деген хадис бар ма?
■
«Ұрттап қойған едім, ораза ұстай алам ба?»
■
Рамазанда жарысқа баратын едім. Қандай жеңілдігі бар? Сол күні оразаға ниет етпесем бола ма?
■
Әйел адамның күйеуінің рұқсатынсыз оқыған «нәпіл намазы» қабыл болмай ма?
■
Тарауих намазы қалай оқылады?
Көп оқылғандар