Әжетханаға бас киімсіз кіруге бола ма?
Әжетханаға бас киімсіз кіруге бола ма?
8 жыл бұрын 13865

Әссәләмуғалейкум! Әжетханаға бас киімсіз кірсе еш айыбы жоқ па?

Мейрамбек Әбдіқұлов

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Исламның өзіндік әжетханаға кіру мәдениеті бар. Оны біз «әжетхана әдебі» деп атаймыз. Әжетханаға кірерде бас киім киіп кіру – әжетхана әдебінен болып табылады. Бір «мүрсәл хадисте[1]»:«Пайғамбарымыз әжетханаға кіргенде аяқ киім киіп, басын жабатын еді»[2] делінген.

Сондай-ақ, хадисте көрсетілгендей, әжетханаға жалаң аяқ кірмей аяққа арнайы сүйретпе киген абзал. Бұл да өз алдына мәдениеттіліктің, тазалықтың көрінісі. Әсіресе, әжетханасы үйдің ішінде орналасқан кісілер үйдегі әжетханаға жалаң аяқ кірмейтіндей арнайы сүйретпе қойғандары жақсы.  


[1] «Мүрсал хадис» деп, риуаятшылар тізіміндегі екінші буын рауидің, яғни, табиғинның арадағы сахаба есімін атамай, тікелей Пайғамбардан (с.а.у.) жеткізген хадисін айтамыз. Табиғин - сахаба көрген адам. 
[2] Әл-Бәһути, Кәшшәфуль Қинағ, Бәбуль Иститаба уә Әдәбут Тәхалли.

Абдусамат Қасым