Ассаламуалайкум, ұстаз! Ұстаз, əйел кісі баласын емізсе дәреті бұзыла ма? Абдулла ибн Аббас (р.а) " Күллі ішке кіретін нәрсе оразаны бұзады, күллі сырттан шығатын нәрсе дәретті бұзады " деген сөзі бар екен ғой! Бек Сыдықов
Әйел адам бала емізсе, дәреті бұзыла ма?
|
Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ардақты сахабаның олай айтқандығы кітаптарда бар. Және хадис кітаптарында Абдулла ибн Аббастан (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына сөзі де риуаят етіледі: «Дәрет – шыққан нәрсе себепті керек. Кірген нәрсе себепті емес»[1].
Бұл риуаттың түсіндірмесі ретінде Ханафи фиқһ кітаптарында былай делінген:
«Екі жолдан шыққан барлық нәрсе дәретті бұзады (мысалы, зәр, мәни, мәзи т.б.). Одан тыс жерлерден, тек нәжіс боп табылатын нәрселер шықса ғана дәрет бұзылады. Онда да, тазалануды керек еттіретіндей ақса (мысалы, жарақаттан қан не ірің шығып, шетіне ақса, ауыз толы құсса)».
Ендеше, омыраудағы сүт таза боп есептелетіндіктен, әйел адам қанша емізсе де дәреті бұзылмайды.
[1] Имам Байһақи - №512.
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар
■
Қасқырдың терісін неге іледі? Үйге аңның терісін ілуге бола ма?
■
Іштегі жаман ойлар жазыла ма?
■
Хатым Құранды соңына дейін қалай аяқтауға болады, екі-үш парадан кейін тастап қойып жатырмын?
■
Имам намазда рукуға барғанда кешігіп келген адам үлгерсін деген мақсатта рүкуғды созуына бола ма?
■
Жаңа жыл қарсаңындағы жеңілдіктерді (скидка) пайдалануға бола ма?