Топырақ жеуге бола ма (Геофагия)?
Топырақ жеуге бола ма (Геофагия)?
11 жыл бұрын 14862 bolime.net

Ассалаумағалейкум! Сіздерге қояр сұрағым, Мұқағали атамыздың «Құм менен Топырақтан жаралғанмын, Алланың құлымын мен – Мұсылманмын!» деп жырлағанындай, адам баласының топырақтан жаралғаны бәрімізге белгілі. Қазіргі жастар, әсіресе, қыз балалар топырақ жегенді ұнатады. Себебін сұрасаң, кальций жетіспегендіктен жейміз дейді... Осының шариғаттағы үкімі қандай? Ағзаға жетіспесе, жей беруге бола ма? Алдын ала рахмет! Нұрсәуле.

Уағалейкумуссалам! Нұрсәуле ханым, көне кітаптарда ғалымдарымыз топырақ не балшық жеуді тыйған. Олар «топырақ жеу адам денсаулығына зиян тигізеді» деген негізге сүйенген[1].

Алайда, қазіргі медицина, керісінше, топырақтың адамның ішек құрылысына пайдасы барын айтады. Асқазанға түскен топырақ паразиттер мен токсиндерге қарсы қалқан іспетті» дейді[2]. Өйткені, топырақтың құрамында адамға пайдалы заттар қамтылған. Айталық, темір, цинк, калци[3] секілді. Бірақ, бұл кез келген топырақты жей беруге болады деген сөз емес. Дәрігердің кеңесіне сүйене отырып, арнайы сатылатын тазартылған топырақ жегеніңіз жөн.


[1] Әл Маусуғатуль Фиқһия, Атғима – 5/125 бет.
[2] http://www.utro.ru/news/2011/06/14/979989.shtml
[3] http://www.meddaily.ru/article/23aug2011/zemlica

Абдусамат Қасым