Сынықшыға баруға бола ма?
Сынықшыға баруға бола ма?
4 жыл бұрын 8893

Сынықшы дегендерге баруға бола ма? Сынықшы сүйек орнынан қозғалып шығып кеткен жағдайда салып береді!

Кожа Айдана

Сынықшылық – шыққан сүйекті салу, қисық біткен жерді қалпына келтіру сияқты денедегі сүйек жарақаттарын емдеу жолы. Сынықшылықты қазақ халқы әркімде табыла бермейтін, сирек кездесер Құдай берді қасиет деп есептейді.

Дінімізде жын-шайтандармен байланысы бар бақсы-балгерлер мен тәуіптерге баруға тыйым салынған. Ал, сынықшылық қабілетін бақсы-балгерлікпен немесе тәуіпшілдікпен шатастырмау керек. Өйткені, сынықшылық көбінесе қолдың ептілігі мен сынықшы адамның сезгіштігіне және тәжірибеге сүйенеді. Ол көзбен көріп, қолмен ұстап істейтін жұмыс. Оның дінге теріс тарапы жоқ.

Ең дұрысы – Аллаға мәлім! 

Абдусамат Қасым