Қисық және талтақ аяқты операция арқылы түзетудің күнәсі бар ма?
Қисық және талтақ аяқты операция арқылы түзетудің күнәсі бар ма?
5 ай бұрын 1946

Ассалаумағалейкум, қисық, талтақ аяқты түзету отасын жасатуға бола ма? Қисық аяқ себебінен «вальгус деформациясы», «майтабан секілді» тізе, табан ақаулары пайда болып жатыр, соларды емдеу мақсатында аяқты түзету операцияларын жасатудың дінімізде үкімі қандай?

Бисмилләһир рахманир рахим

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Егер аяғы "мүкістік" саналатындай нормадан тыс талтақ болса және нормадан тыс аяғы қисыз болса немесе бір аяғы екінші аяғынан қысқа болса, оны операция арқылы түзетудің күнәсі жоқ. Алла Тағала Құранда: «Біз адам баласын көркем бейнеде жараттық» деген. («Тин» сүресі, 4 аят). Сондықтан да, денедегі мүкістікті медициналық жолмен әдеттегі табиғи қалыпқа келтірудің ағаттығы жоқ, әсіресе, ол мүкістік адамның психологиясына және денсаулығына кері әсерін тигізіп жатқан болса.

Ал бірақ онсыз да норма саналатын аяқты «оқтай» қыламын деген мақсатта ота жасату - шектен шығушылық және ол «әсемдік үшін Алланың жаратқанын өзгерту» болып саналады, оны дініміз тыйған.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

 

Абдусамат Қасым