Ассаламуалайкум! «Родители отказываются переливать кровь дочери из-за религии: у нее переломы» делінеді. Бұл жаңалықтардан шығып тұр. Қан құйдыруға болмай ма сонда? Асқат.
Қан құюдың (переливание крови) Ислам дініне терістігі бар ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Қан құюдың Ислам дініне еш терістігі жоқ. Қан құюды дінге теріс дейтін мұсылмандар емес, Егова күәгерлері мен адвентистер (христиан дініндегі тармақтардың бірі). Олар өздерінің киелі кітаптарындағы «қаннан аулақ болыңдар» деген бұйрыққа бағынып, қан құйдырудан бас тартады екен[1].
Ислами тұрғыдан қарағанда қан құйдыру – медициналық қажетті емшара. Ол көбіне көп қан жоғалтқан адамға жасалып жатады. Дінімізге қайшы тұсы жоқ. Тіпті, әлдебір мұсылман қан құю қажет бола тұра, одан бас тартса, осылайша өміріне қауіп төндірсе, онысы діни тұрғыдан қарағанда күнә саналады. Неге десеңіз, Алла Тағала Құран кәрімде: "Өз-өздеріңді қауіп-қатерге итермелемеңдер" деген[2].
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар
■
Хатым Құранды соңына дейін қалай аяқтауға болады, екі-үш парадан кейін тастап қойып жатырмын?
■
Қайтыс болған адамның қырқын қалай есептейді: жамбасы жерге тиген күннен бастап па, әлде қайтыс болған күннен бастап па?
■
Халал ақша бар төлем картасына харам ақша араласса, ол картаны қолдануға бола ма?
■
Темекіге жіберсе, баруға бола ма?