Сәбиді айнаға қаратпа дегеннің дінде негізі бар ма?
Сәбиді айнаға қаратпа дегеннің дінде негізі бар ма?
5 жыл бұрын 13636

Әссәләмуғалейкум! Сәби баланы айнаға қаратпайды деуші еді қазақ халқы. Осы шариғатымызда бар ма? Мұхит.  

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Халық арасында «тілі шықпаған баланы айнаға қаратпау керек» деген наным бары рас. Бұндай ырым араб, түрік халықтарында да ішін-ара кездесіп жатады. Бірақ, біздің халыққа ескі славян сенімінен қалыптасқан деген ойдамын. Ескі славян халықтары о баста айнаның тылсым күші барына сенетін. Содан келіп түрлі наным-сенімдер пайда болғаны жасырын емес. Ескі славян халқында да баланы бір жасына шейін айнаға қаратпау ырымы бар. Олар айнаға қараған баланың тісі кеш шығады, кекеш болады, көзі қыли болады, қорқақ болады деп нанатын.   

Дегенмен, ондай нанымның не ғылыми тұрғыда, не діни тұрғыда негіз болар қандайда бір дәлел кездестірмедік. Қайта, қазіргі педиатрлар дүниеге келген баланы үш айға толғаннан соң айнаға қаратуды кеңес етеді. Олардың пайымынша айнаға қарау баланың миының дамуына оңды әсерін тигізеді екен. Сәби айнаға қарап, өзінің денесімен таныса бастайды. Кей балалар айнаға қарап сөйлеп, одан рақат алады. 

Абдусамат Қасым