Маралдың қанынан жасалған дәріні ішуге бола ма?
Маралдың қанынан жасалған дәріні ішуге бола ма?
7 жыл бұрын 29976

Құрамында «пантогематоген из крови самки марала» деген қоспа болса, мұндай дəріні ішуге болама? Айгүл.

Айгүл, жалпы дінімізде аққан қан нәжіс болып саналады. Құран Кәрімде былай делінген: «Айт: Маған уахи етілгендердің ішінде, тамақтанатын кісіге харам болған нәрсені таппадым. Тек, жемтік немесе аққан қан, не шошқа еті ол – лас нәрсе, - яки Алладан басқаға арнап сойылған арам ет басқа (бұлар арам)»[1].

Сол себептен, аталмыш қан дәрі жасалу барысында химиялық өндеулерден өтіп, өзінің табиғатын өзгертпей сол күйінше қан ретінде сақталған болса, оны ем ретінде қолданбаған дұрыс. Әрине, оның қаншалықты өзгеріске ұшырайтындығы лабороториялық зерттеуді қажет етеді.

Бұнымен қатар, жалпы харам қоспалар қосылған дәрілер хақында айта кету керек: «Харам нәрседе шипа бары білінсе, әрі одан өзге дәрі табылмаса, қолдануға рұқсат» делінеді кітаптарда. Яғни, харам нәрсе араласқан дәрілерді өзге ем болар дәрілер табылмаса, табылған күннің өзінде әсері анадан гөрі өте баяу екендігі анықталса, мәжбүрлік себепті қолдануға рұқсат етіледі.


[1] Әнғам сүресі, 145 аят. 

Абдусамат Қасым