Көзіне блефаропластика жасатқан адамдардың дәреті мен ғұсылы дұрыс бола ма?
|
Көзге «блефаропластика» жасату дінге қайшы ма?
|
Блефаропластика — бұл қабақтағы артық тері мен майды алып тастау арқылы көз қабағының пішінін өзгертуге бағытталған хирургиялық ота. Адамдар бұл процедураға кейде медициналық себептер бойынша жүгінсе де, көбіне эстетикалық мақсатта (әдемілік үшін) жасатып жататыны жасырын емес.
Шариғи тұрғыдан алғанда: Ислам дінінде пластикалық оталарға:
-
Туа біткен табиғи кемістіктерді жою,
-
Денедегі жарақаттан қалған тыртықтарды кетіру,
-
Күйік шалған орындарды қалпына келтіру т.б. осы сияқты мәжбүрлі жағдайларда ғана рұқсат етіледі.
Ал ешқандай ақауы жоқ бетті одан бетер әдемілей түсейін деген ниетпен пластикалық ота жасату харам болып есептеледі, яғни, ауыр күнә. Себебі бұл — «Алланың жаратқан жаратылысын өзгерту» болып саналады.
Сондықтан да, бүгінгі сұрақтың тақырыбы болып отырған блефаропластика отасы жастар арасында көбіне эстетика үшін, яғни, жас көріну, келбетті көріну, қабақты ашып европейлік көз түріне ие болу деген ниетпен жасатып жататындықтан, шариғатта бұл құпталмайды, дінге қайшы. Алайда, егер қабақтың қатты салбырауы соншалықты деңгейге жетіп, адамның көруіне кедергі келтірсе, бұл медициналық «үзір» ретінде қарастырылып, ота жасатуға рұқсат беріледі. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!