Жүкті әйел қайтыс болып, жатырында тірі бала қалса, не істемек керек?
Жүкті әйел қайтыс болып, жатырында тірі бала қалса, не істемек керек?
3 жыл бұрын 12577

Ассаляму алейкум! Әйел қайтыс болып, жатырында тірі бала қалса, не істемек керек? Тірі баланы қалай аламыз? Нұрлыбек.

Уағалейкумуссәләм, Нұрлыбек!

Қайтыс болған жүкті әйелдің жатырындағы бала тірі екендігі анықталса, мәйіттің іші жарылып, бала алыну керек және одан әрі өмір сүріп кетуіне жағдай жасалады. Бұған байланысты Әбу Ханифадан жеткен пәтуа осылай. Тіпті анасы көміліп қойғаннан кейін де іштегі баланың тірі екендігі анықталса, қабірі ашылып, мәйіттің қарнын жарып бала алыну керек делінген[1]. Әрине, ондай шара мүмкіндігінше медицинаның көмегімен орындалуы керек екендігі сөзсіз. 


[1] Бәдруддин ал-Айни: «әл-Биная шәрхуль һидая». 3\262 бет.

Абдусамат Қасым