Донорлық қан қажет кезде өзге дін өкілінің қанын құюға бола ма?
Донорлық қан қажет кезде өзге дін өкілінің қанын құюға бола ма?
7 жыл бұрын 5340

Әссәләмуғалейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Сұрақ: мұсылман адамға қан доноры қажет болса, өзге дін өкілінің қанын құюға бола ма? Олар шошқа, шарап т.б. харам заттар ішіп-жейді дегендей. Бек.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Донорлық қанның мұсылман-кәпірі болмайды. Қажет кезде өзге дін өкілінің донорлыққа тапсырған қанын да қолданудың еш ағаттығы жоқ. Бастысы қан арқылы өтетін түрлі жұқпалы аурулардан дін-аман болғаны дұрыс. Құран Кәрімде Алла Тағала мұсылмандарға өзге дін өкілдерінен болған «кітап иелерінің» асын ішуге және олардан қыз алуға рұқсат еткен. Бұл да діні бөтеннің донорлыққа тапсырған қанын қажет кезде науқас мұсылманға құюға болатындығының бір айғағы.  

Абдусамат Қасым