Cүлік салу ем шарасы дінде рұқсат па?
Cүлік салу ем шарасы дінде рұқсат па?
2 жыл бұрын 5043

Ассаламуалейкум! Аяқта сары су бар еді, соған сүлік салдыру керек болып тұр. Дінде қалай?

Бисмилләһир рахманир рахим. Әлхамдулилләһ. Уассаләту уә сәләму аля расулилләһ!

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Сүлік салып емделу дінімізде рұқсат етілген емделу тәсілдердің бірі. Үкімі – мубах (рұқсат, ерікті амал). Әріберіденсоң, хадис жинақтарында сүлік салудың пайдалы екендігіне орай мынадай риуаят келтірілген:

خير الدواء اللدود والسعوط والمشي والحجامة والعلق  

«Емнің ең абзалы – ауыздың бір жағына (ұртына) дәрі қою, мұрынға дәрі тамызу, ішті жүргізу, қан алдыру және сүлік салу».  

(«Кәнзуль Уммал» хадистер жинағы. №28167 хадис.
Шағбиден жеткен Мүрсәл).

Жоғарыда келтірілген риуаятта айтылған сөздерге түсіндірме бере кетсек:

Хадисте айтылған «әл-Ләдуд» сөзі – ұртына дәрі қою ем-домы. Мұны тіл астына дәрі салу деп те түсінуге болады, әрі кәдімгі дәрі ішу деп те түсінуге болады.

«әс-Сағут» сөзі – мұрынға дәрі тамызу деген сөз.

«әл-Мәшию» сөзі – ішті жүргізу үшін ішілетін дәрі түрі. Ондай дәрінің ол заманда «мәшию» деп аталуының себебі: оны ішкен кісі жиі әжетханаға баратындықтын дәріге «мәшию», яғни, «жүру» атауы берілген деседі.

«әл-Хижама» сөзі – қан алдыру.

«әл-Ъаләқ» сөзі – суда өмір сүретін қызыл-қара түсті, жабысып қан соратын жәндік, яғни, сүлік. 

Абдусамат Қасым