Сот арқылы ажырасқан ерлі-зайыптылар қайта қосыла ала ма?
Сот арқылы ажырасқан ерлі-зайыптылар қайта қосыла ала ма?
3 жыл бұрын 5126

Сәлеметсіз бе! Тоғыз ай бойы жұбайыммен бірге тұрмадым. Заңды түрде ажырастық. Ал енді қайта қосылсақ, неңе жаңартып тұра беруге боа ма? Күнә емес пе? Анон.  

Сәлеметсіз бе! Сот үкімімен ажырасу бір талаққа есептеледі[1]. Бұл дегеніміз, егер одан бұрын екі талақ айтылмаған болса, неке жаңартып, қайта жарасуларыңызға болады деген сөз. Осы тұрғыда, неке қиярда жаңадан мәһр (неке сыйлығы) тағайындалатындығын да айта кетелік[2]. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!


[1] Кей дін ғалымдары соттың қаулысын талақ деп санау үшін, соттың мұсылман болуын шарт қосады.
[2] Мәһрдің ең аз мөлшері хадисте «он дирһам» күміс ақшасы деп келтірілген. Даруқутни, «Сүнән»: «он дирһамнан кем мәһр болмайды» хадис. 10 дирһам күміс дегеніміз шамамен 30-35 грамм күміске тең. Бұл - ең азы. Ал көбінің шегі жоқ, дегенмен, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Әйелдердің ең хайырлысы – мәһрі ең жеңіл болғаны» - деген  хадисін де орай кеп тұрғанда айта кетпеуге болмас. (Табарани: әл-Муъжәмуль Кәбир»).

Абдусамат Қасым