Сырмасы бар (замок) мәсіге мәсіх тартуға бола ма?
Сырмасы бар (замок) мәсіге мәсіх тартуға бола ма?
2 жыл бұрын 4843

Сырмасы бар (замок) мәсіге мәсіх тартуға бола ма?

Сырмасы бар (замогы бар) мәсіге мәсіх тартуға болады. Ондағы сырма – мәсінің жыртық жерін тіккенмен пара-пар. Мәсінің жыртық жерін тігіп, мәсіх тарта беруге болатыны сияқты, сырмалы мәсінің де сырмасын жауып, мәсіх тарта беруге болады. Бастысы, мәсі он екі мың қадам жүруге шыдас беретіндей төзімді болуы керек. Көне кітаптарда үстінгі жағы жарық, бірақ түймемен түймеленетін және түймесін түймелеген кезде жарығы жабылып тұратын «Жаруқ» деп аталатын аяқ киімге мәсіх тартуға болады делінген[1]. Сырмасы бар мәсі де соған ұқсас. 

Тоқ етерін айтқанда, сырмасы бар қайыс мәсілерге мәсіх тартуға болады. Сырмасының болуы мәсіх тартуға кедергі емес. Сырма – мәсінің жыртық жерін тіккенмен тең. Бірақ сырмасы (замогы) тобықтан төмен ашылып кетсе, мәсіх бұзылады, ол кезде аяғын жуу керек болады.

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!


[1] Ибн Ғабидин: «Раддуль Мұхтәр» - 1 том. 437 бет; Ибн Нүжәйм: «әл-Бахрур Раиқ»; «әл-Фәтәуә әт-Татархания».

Абдусамат Қасым