Әссәләму ғалейкум! Әйел адам махрамының алдында орамалын шеше алады. Ал жездесі және сүт бауырлары да махрам болып келеді ғой, олардың алдында хижаппен жүруі шарт па? Марат
|
Сүт бауыры мен жездесінің алдында шариғат шәлісін кию керек пе?
|
Уағалейкум ассалам! Бұл сұраққа былайша жауап беруге болады: Шариғатта өмір-бойы бір-бірімен үйленуге болмайтын жақындар бар. Олар – бірге туған бауырлары, сүт бауырлары және құдандалы туыстар (مُصَاهَرَة)[1]. Осы категорияға кіретін ер кісілер алдында қыз баласына шариғат шәлісін тақпауына рұқсат.
Сондай-ақ, бір-бірімен уақытша үйленуге болмайтын жақындары бар. Бұларға қыздың жездесі және қайын ағалары мен қайын інілері жатады. Олардың алдында балиғат жасындағы қыз баласы шариғат шәлісін тағады.
[1] Кімдермен үйленуге болмайтындығы жайында мына сілтемеден оқыңыз: http://islam.kz/kk/questions/januya/neke/sharigat-boiynsha-kimdermen-nekelesuge-bolmaidy-67/
Өзекті сұрақтар
■
«Намаз мені тастап кетті» деген сөздің негізі бар ма? Намаз адамды тастай ма?
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?