Күйеуімнің табысынан рұқсатсыз біреуге берсем күнә ма?
Күйеуімнің табысынан рұқсатсыз біреуге берсем күнә ма?
9 жыл бұрын 6354

- Әйелі күйеуінің табысынан оның хабарынсыз өзгеге қарыз ретінде берсе бола ма?

- Күйеуінің табысынан оның хабарынсыз өзгеге беруге болмайды. Әйел өз ақшасынан күйеуінің рұқсатынсыз қалаған адамына беруге құқылы.

- Анам өгей әкемнің табысынан жасырып, маған салып тұрады. Өгей әкем анама қалағанынша керек-жараққа жұмсауына рұқсат еткен. Анамның жіберген ақшаларды пайдалану харам болмай ма? 

- Егер, өгей әкеңіз анаңызға жалпылама қайырымды істерге жұмсауына рұқсат еткен болса, анаңыздың сізге беруі де қайрымдылыққа кіреді. Берілген ақшаны пайдаланудың күнәсі жоқ. Немесе оның табысынан сізге беріліп тұратындығынан хабардар болса да үкімі осы (адал). Ондай болмаған жағдайда сізге берілген ақша өзгенің ақысы ретінде саналады. Оны егесіне қайтару керек.

- Жұмыс істейтін әйел өзінің қанша табыс табатынын күйеуінен жасыруы күнә мә?

- Әйел өзінің тапқан табысының мөлшерін еріне айтпауына құқылы. Алайда, алдауға да жол жоқ. Осы тұрғыда, ең жақсысы – ашықтық. Ерлі-зайыптылардың бірі екіншісінің өмірлік серігі болғандықтан әрі, екеуі де бір отбасының мүддесін көздеп отырғандықтан, ондай нәрселердің екеуара жасырын болмағаны абзал.

 Шейх Мұхаммед Әбу Зәһра (р.а.)

(«Фәтәуә» атты еңбегінен ықшамдап, өңдеп дайындаған: А.Қасым)