"Күйеуім арақ ішеді. Күнәсі маған да жазыла ма?"
"Күйеуім арақ ішеді. Күнәсі маған да жазыла ма?"
3 сағат бұрын 94

Сәлеметсіздер ме! Жолдасым арақ ішеді. Күнәсі маған да жазыла ма, өзім намаз оқимын? Анон.

Сәлеметсіз бе!

Құранда «ешбір жан иесі өзге жан иесінің күнәсін көтермейді» делінген1. Сондықтан, күйеуіңіздің арақ ішкен күнәсі сізге жазылмайды. Бірақ сізге айту парыз. Сол себепті, ыңғайы келгенде күйеуіңізге арақтың ауыр күнәсін айтып, оны арақтан тыйюға талпынғаныңыз дұрыс. Және де әр намазыңызда жолдасыңыз үшін Алладан һидаят тілеңіз. Жүректерді құбылтушы Алла Тағала, сіздің де күйеуіңіздің жүрегін туралыққа бұрып қоярына сенімдіміз!

Алла тауфиқ сыйласын!


1  Құран Кәрім: «Фатыр» 18 аят.

Абдусамат Қасым