Ассалаумағалейкум! Менің үш кішкентай балам бар. Олар өсіп-жетілгенше жүктіліктен қорғану жолдары арқылы үзіліс берсек дейміз. Сұрайын дегенім, мұсылман әйелге аталмыш жолдардың бірін қолданып, жүктіліктің алдын алуына бола ма? М.
|
Жүктіліктен сақтану жайында шариғат не дейді?
|
Уағалейкумуссалам! М., әйел кісі ерінің рұқсатымен жүктіліктің алдын алу жолдарының бірін қолдануына рұқсат. Сондай-ақ ері де әйелінің рұқсатымен жатырға ұрық жібермеу тәсілдерін қолдануына болады. Бұның шариғатқа терістігі жоқ[1]. Бірақ, бұны уақытша жасалып жатқан дүние ретінде қабылдап, Алла жазса, болашақта дүниеге тағы да ұрпақ әкелу ниеті көкейде жүргені дұрыс. Өйткені, балалы үй базар демекші, Пайғамбарымыз (с.а.у) бір асыл сөзінде: «Күйеуін жақсы көретін әрі бала көтеретін әйелге үйленіңдер. Мен сендердің көп болғандарыңмен мақтанамын»[2], – дей отырып отбасы құрудағы басты мақсаттардың бірі заңды жолмен дүниеге ұрпақ алып келу екенін білдіруде. Сондықтан, шамасы келіп, қауқары жететін ерлі-зайыптылар бала туудан қашпағаны жөн.
Өзекті сұрақтар
■
Неге Құранда қанды нәжіс деп атаған?
■
«Күйеуімнің бұрынғы отбасынан болған ересек баласы үйге келгенде хижаб киюім керек пе?»
■
Жұма күні неге екі рет азан шақырылады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Алматы – жер жәннәты» деп айту күпірлік пе?
Көп оқылғандар