Ғұсыл жоқ кезде ғұсыл құйынбай бала емізе беруге бола ма?
Ғұсыл жоқ кезде ғұсыл құйынбай бала емізе беруге бола ма?
5 жыл бұрын 7510

Ассаләмуғалейкум! Ғұсыл құйынып үлгерми, бала емізе беруге бола ма? Бала оянып, қатты жылап кетсе, мысалы. Алдын ала рақмет.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Әйелдің ғұсылы жоқ кезде баласын емізуі күнә емес және одан баласына да ешқандай зиян келмейді. Әйел адам хайыз* кезінде болсын, нифас** кезінде болсын, яки, жүніп*** халінде болсын баласын "бисмиллә" деп емізе беруіне болады. Мұндай жағдайларда баласын емізу үшін алдымен ғұсыл құйынуы керек деген шариғи бұйрық жоқ.  


* Хайыз – етеккір.
** Нифас – босанғаннан кейін келетін қан.
***Жүніп - ерлі-зайыптылардың қатынасқа түскеннен кейінгі немесе ләззатпен шәуәт бөлінгеннен кейінгі туындаған ғұсылсыздық күй. 

Абдусамат Қасым