Ата-ананың разылығын алу керек делінеді. Ата-ана арақ құй десе де бағынуымыз керек пе?
Ата-ананың разылығын алу керек делінеді. Ата-ана арақ құй десе де бағынуымыз керек пе?
1 ай бұрын 3375

Ассаләмуғалейкум! Ата-ананың разылығы маңызды дейді. Егер ата-ана арақ құй, не болмаса, сол секілді күнәлі істер істеуге бұйырса, оны істеп разылығын алу керекпіз бе?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала былай деп бұйырады:

وَإِن جَاهَدَاكَ عَلَىٰ أَن تُشْرِكَ بِي مَا لَيْسَ لَكَ بِهِ عِلْمٌ فَلَا تُطِعْهُمَا ۖ وَصَاحِبْهُمَا فِي الدُّنْيَا مَعْرُوفًا ۖ وَاتَّبِعْ سَبِيلَ مَنْ أَنَابَ إِلَيَّ ۚ ثُمَّ إِلَيَّ مَرْجِعُكُمْ فَأُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ

«Егер ата-анаң білмейтін нәрсеңді Маған серік қосуға зорласа, оларға бағынба! (Дегенмен) Олармен бұл дүниеде жақсы қарым-қатынаста бол! Және де маған бет бұрғандардың жолына түс. Кейін қайтар жерлерің мен жақ. Сол кезде сендерге істеген нәрселеріңнен хабардар етемін»[1].

Аяттан да ұққанымыздай, ата-анасы харам іске және дінге қайшы іс істеуге бұйырып тұрса, баласы бағынбауы керек екен. Сондықтан да, егер ата-ана арақ құй, арақ әкел деген сияқты харам істерге итермелеп жатса, ол айтқанын орындаудан баласы бас тартуына құқылы. Онысы үшін күнә жазылмайды.

Алайда, «ата-анаң жынды болса, байлап бақ» деп атам қазақ айтқандай, ата-анасы қанша күнәһар болса да оларға жақсы қарап, оларға деген сый-құрметті жоғалтпау керек. Оны аяттың жалғасынан ұғынамыз. Олар үшін әр намазда дұға жасап, Алладан игіліктерін тілеген дұрыс.


[1] Құран Кәрім: «Лұқман» сүресі, 15 аят.

Абдусамат Қасым