Ассаламуғалайкум! Әлеуметтік желіде көрдім егер әйел күйенінің тегін алса ол күпірлік деп. Менің анам әкемнің фамилиясын алған, ол тура мағынада күпірлікте жүр дегенді білдіре ме? Не істеу керек оған?
|
Әйелдің өз күйеуінің тегін (фамилиясын) алуы күпірлік дегенді оқыдым, ол қаншалықты рас?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Құрметті сауал сұраушы, «әйел адамның өзінің некелі күйеуінің тегін алуы күпірлік» деп айту - қате. Қазіргі дін ғалымдары арасында әйелінің тегін алуға қатысты екі ұдай тоқтам бар. Бірақ, ешбірі ондай әрекетті «күпірлікке» байламаған. Әріберіденсоң, оны «күпірлікке» балау сүнниттік бағытқа теріс.
- Күйеуінің тегін (фамилиясын) алуды кей дін ғалымдары «күнә» деп санайды, өйткені ол да өзіне бөтен адамды әке санап, өзін соның ұрпағына телу болып табылады, ал ол хадисте тыйым салынған дейді олар1.
- Кей ғалымдар болса: «бұл - әдет-ғұрыпта бар үрдіс, оған шынайы мағынада тегін танымай кетпейді" деген уәж айтқан. Оның үстіне, күйеуінің тегін алу, кей ғұрыпта таныту мақсатында жасалады, ол да: «пеләншенің қызы түгеншенің отбасына келін боп барыпты» деген секілді. Сондықтан да, күйеуінің тегін алудың әбестігі жоқ деп есептейді. Әрідесе, мұнда әкесінің емес, фамилиясы өзгереді, сондықтан да, хадистегі тыйымның астарындағы мәніне қайшы емес деуге болады.
Қорыта айтқанда, абзалы - әйел кісінің өз тегінде қалғаны, алайда күйеуінің тегін (фамилиясын) алушының әрекетін де "харам" деу күмәнді, ал оны "күпірлікке" балау - негізсіз. Аллаһу аъләм. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
1Ибн Мәжә, «Китабуль Худуд», №2609-хадис.
Өзекті сұрақтар
■
Неге Құранда қанды нәжіс деп атаған?
■
«Күйеуімнің бұрынғы отбасынан болған ересек баласы үйге келгенде хижаб киюім керек пе?»
■
Жұма күні неге екі рет азан шақырылады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Алматы – жер жәннәты» деп айту күпірлік пе?
Көп оқылғандар