Әйел босанғаннан соң күйеуімен 40 күн бойы қосылмауы шарт па?
Әйел босанғаннан соң күйеуімен 40 күн бойы қосылмауы шарт па?
1 ай бұрын 1751

Ассаламуғалейкум! Әйел босанғаннан кейін күйеуімен 40 күн қосылмауы шарт па?

Әлхамадулилләһ, уассаләту уәссәләму аля расулилләһ

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Қырық күнді күтуі шарт емес, босанғаннан соң келетін қан толықтай тоқтаған болса, шомылып (ғұсылданып), сосын күйеуімен қатынасқа түсе беруіне болады.(Босанғаннан кейін келетін қанды «нифас» қаны деп атайды).

Осы тұрғыда ғалымдарымыз аталмыш мәселеге қатысты мынадай үш жағдайды айтқан, оны да біле жүргеніміз артық болмайды:

  1. Босанған әйелдің нифас қаны одан алдыңғы босанған уақыттардағы келген нифас қанынан ерте тоқтаса, ғұсылданып намаз оқиды, бірақ әдеттегі тоқтап жүрген күнге шейін қатынасқа түспей тұрады. Мысалы, бұдан алдыңғы баласын босанғанда нифас қаны жиырма күнде тоқтады делік, бұл жолы он бес күнде тоқтаса, ол кісі ғұсылданып намазын оқи береді, бірақ жиырма күнге толғанға шейін күйеуімен қатынасқа түспей тұрады.
  2. Босанған әйел кісінің нифас қаны әдеттегі тоқтап жүрген күнде тоқтаса немесе одан кешірек тоқтаса, ғұсылданып (шомылып немесе шомылу зиян болса таяммум соғып), сосын қатынасқа түсе береді.
  3. Нифас қырық күннен кейін тоқтаған әйел өз еркі, ғұсылданбай қатынасқа түсе беруіне болады.
Абдусамат Қасым