Әйел адам өз үйінде жүргенде күйеуінің киімін киіп жүруіне бола ма?
Әйел адам өз үйінде жүргенде күйеуінің киімін киіп жүруіне бола ма?
9 жыл бұрын 15977

Әссәләмуалейкум, ұстаз! Әйел адам үйде жүргенде күйеуінің киімін киіп жүруіне бола ма? Хадистегі тыйымды «әйел еркектікін, еркек әйелдікін мүлдем киюге болмайды» деп жалпылама түсінсек дұрыс па? Айдар

Уағалейкум әссәләм, Айдар! Еркек әйелдің, әйел еркектің киімін киюден тыйған хадис жалпыға ортақ. Сахаба Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыз (с.а.у) ер кісілердің киімін киген әйелді және әйел кісілердің киімін киген ер кісілерді лағынеттеген»[1]. Сондықтан да, зәру жағдайлардан тыс, әйелі үйдің ішінде болса-дағы ер кісінің киімін кимегені дұрыс. Неге десеңіз, әйел кісі үйінде де ерінің алдында барынша әйелдік биязылығын, нәзіктігін сақтап қалуға талпынуы тиіс. Ал, ер кісілердің киімі - әйел затына тән әйелдік нәзіктікті жасырады. Көшедегі боянып-сыланып жүрген қыз-келіншекті көрген отағасы, үйіне келгенде, өз әйелін де сондай әдемі түрде көргісі келетінін қаперден шығармаған дұрыс.


[1] Әл-Хәким: әл-Мүстәдрак – Китабул атъима - №3087 хадис.

Абдусамат Қасым