Уақытша некенің үкімі қандай?
Уақытша некенің үкімі қандай?
8 жыл бұрын 9053

–Некені уақытша қиюдың үкімін айтсаңыз! Некені өмірлікке қию шарт па?

– Уақытша некені фиқһта «Никахул-Муәққат» деп атайды. Өзінің аты да айтып тұрғандай, уақытша неке дегеніміз – неке қию барысында «мынанша уақытқа дейін» деп, некенің мерзімін  санаулы уақытпен шектеуді айтамыз. Мысалы, екі куәгердің алдында: «пәлен қызды он күнге немесе бір айға яки бір жылға т.б. уақытқа өзіме некеледім» дегені сияқты. 

Шариғатта неке өмірлікке қиылады. Сондықтан да, Ханафи мәзхабында және өзге мәзхаб ғұламаларының назарында уақытша неке «фәсид неке» үкімінде. Яғни, қиылған неке шариғат тұрғысынан неке болып саналмайды.   

Бірақ Ханафи ғұламаларының ішінен Имам Зүфәрдің (728-775 ж) пайымдауынша, неке өмірлікке қиылады, уақытша емес. Әйтсе де, әлдекім неке мерзімін санаулы уақытпен шектеп жатса да қиылған некесі «өмірлікке қиылған неке» үкімін алады. Ал, «белгілі уақытпен шектеу шарты» (фәсид шарт болғандықтан) өздігінен жойылады.

Ескерту: Екі көз-қарастың екеуінде де "уақытша неке" деген Исламда жоқ делінген. Тек, Имам Зүфәрдің айтпағы: Олардың "уақытша" деп қиғандары, автоматты түрде "өмірлікке" ауысады.  

Қорытынды:

Ендеше, уақытша қиылған неке – неке емес. Уақытша некемен үйленген екі жас ерлі-зайыпты ретінде есептелмейді. Ең дұрысы - Аллаға аян. 

Абдусамат Қасым