«Уақытша неке» деген бола ма?
«Уақытша неке» деген бола ма?
5 сағат бұрын 252

Ассаләмуғалейкум! Уақытша неке жайында айтып беріңіздерші. Ондай неке дұрыс па? Анон.

Бисмилләһир рахманир рахима, уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ислам шариғатында неке «өмірлікке» қиылады. Ажырасуды соңғы шешім деп санайды. Ал, «уақытша некенің» шариғи заңдылығы жоқ, ол «фәсид неке» үкімінде. Мысалы, жігіт қызға неке барасында : «Мені сені он күнге некеледім» немесе «бір айға некеледім», «бір жылға некелестім» деп некені қысқа уақытпен шектесе, бұндай неке саналмайды. Алайда, «мен сені жүз жылға», «тоқсан жылға некеледім» десе, мұндай неке есептеледі, себебі бұндай сөзде «уақытша некелесу» емес, өмірлікке некелесу ниеті жатыр[1].

Ендеше, «уақытша некелесу» деген түсінік дінімізде жоқ, неке өмірлікке қиылады.

Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


[1] Имам Кәсәни: «Бәдәиъус Санаиъу», 4\479 бет.

Абдусамат Қасым