Жүкті әйелдің некесін қиюға бола ма?
Жүкті әйелдің некесін қиюға бола ма?
6 жыл бұрын 10306

Сауалым бар. Жүкті әйелдің некесін қиюға бола ма?

Нұрлыбек

Егер, ол - зина жасап жүкті болса және некелескелі жатқан жігіті іштегі баланың әкесі болса, некелерін қиюға рұқсат, мұнда ғалымдар арасында талас жоқ.

Алайда, некелесетін жігіті басқа біреу болса, Имам Ағзам Әбу ханифа бойынша некелерін қиюға рұқсат, тек босанғанға шейін некелескен жігітімен жақындаспайды. 

Бұл - зинадан жүкті болған әйелге қатысты.

Ал, некелі жарынан көтеріп, кейін ажырасқан не күйеуі өліп жесір қалған жүкті әйелдің некесін босанғанға шейін қиюға болмайды. Қиылған күннің өзінде «батыл» болып, некелері саналмайды[1].

Құран Кәрімде:

وَأُولَاتُ الْأَحْمَالِ أَجَلُهُنَّ أَن يَضَعْنَ حَمْلَهُنَّ ۚ

«Аяғы ауырлардың күту мезгілі – босанғанға шейін»[2] - делінген.


[1] Имам Убайдуллла әл-Мәхбуби: ән-Нуқоя. 2/264, 311 беттер.
[2] Талақ сүресі, 4 аят.

Абдусамат Қасым