Әбу ханифа мәзһабының басқа мәзһаб адамының артында намаз оқуына бола ма? Мақсұт.
Ханафи мәзхабындағы адамның басқа мәзхабтағы адамға ұюына бола ма?
|
Ханафи ғұламалары аталмыш мәселеге қатысты былайша пайымдаған:
Егер, өзге мәзхаб иесінің:
- Ханафи мәзхабына сай намаздың парыздары мен шарттарына, уәжіптері мен сүннеттеріне мұқияттылық танытатындығы білінсе, оған ұйып намаз оқудың еш ағаттығы жоқ.
- Намаздың парыздарын жасағанымен, намаздың Ханафи мәзхабына сай шарттарының біріне селқос қарайтындығы білінсе, мысалы, бір жері қанағанда дәрет алмауы т.б. – мұндайда оған ұюға болмайды.
- Егер намаздың парыздары мен шарттарына мұқияттылық танытқанымен, бірақ намаздың Ханафи мәзхабы бойынша уәжіп саналатын амалдарын тәрк ететіні білінсе, оған ұю -харамға жақын мәкруһ болмақ (тахриман мәкруһ).
- Ал, Намаздың ханафи мәзхабына сай парыздары мен шарттарын және уәжіптерін орындап, алайда намаздағы сүннет саналатын амалдарды тәрк етсе (мәкруһ істесе), мысалы, «әғузу» мен «бисмилланы» жария айтуы, рүкуғтан бас көтергенде қолды көтеруы т.б. – ондай жағдайда ұюға болады, «жеңіл мәкруһ».
- Ал аталмыш жайттарға мұқияттылық танытып-танытпайтындығы белгісіз болған жағдайда, оған ұюға болады, әйтсе де мәкруһ.
Осы орайда Ханафи ғалымдарының aрасында: «Намазды бұзатын әрекеттің бірі нақты орын алмаса (яғни, білінбесе), ұюдың мәкруһтігі жоқ» деп тұжырымдайтындар да бар. (әл-Хайруль Рамли)[1].
[1] Ибн Ғабидин: Раддуль Мухтәр – 3/539-543 бет.