Үйде өрмекші қаптаса, оларды өлтіруге бола ма?
Үйде өрмекші қаптаса, оларды өлтіруге бола ма?
2 жыл бұрын 15809

Ассаләмуғалейкум бауырлар! Менің сұрағым бар еді. Үйде өрмекші көбейіп кетті. Мен соларды өлтіріп, тіпті ұясын өртеп жатырмын. Бір бөлмеде он сегізі жүр екен. Бұған не дейсіздер? Баука.

Бисмилләһир рахманир рахим.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Өрмекшілер зиянды жәндіктер саналатындықтан оларды қажет болса, өлтірудің күнәсі жоқ дейді дін ғалымдары бір ауыздан. Өйткені өрмекші де зиянкестің бірі. Олар үйдің қабырғаларына ұяларын салып, қабырғаны былғайды. Сондай-ақ, кітаптардың араларына және киімдердің арасына да ұя салуы мүмкін. Бұлардың бәрі адамдарға зиян.

Сондықтан да, үйіңізде өрмекшілер қаптаған болса, оларды өлтіріп, ұясын өртеудің күнәсі жоқ. Алайда, мүмкін болса, өрмекшінің өзін өртемей, арнайы дәрілер сеуіп, сол арқылы көзін жоюға тырысқан жөн1. Дегенмен, өртеп қана құтылуға болатын болса, өртеуге рұқсат2. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! 


Мұхаммед ғалейһиссәләмнің: «Отпен тек оттың Раббысы ғана азаптауға құқылы» - деп айтқан сөзі бар. (Әбу Дәуід - №2675 хадис.). 
Себебі тағы бір риуаятта ертедегі пайғамбарлардың бірі өзін шаққан құмырсқаға ашуланып, ұясымен өртеткені сахих хадисте айтылады, осы риуаятқа қарай отырып, кейбір дін ғалымдары зиянды жәндіктерді өртеуге болатындығын айтқан. (Сахих Бұхари - №3141).

Абдусамат Қасым