Түсінде садақа беру ненің белгісі?
Түсінде садақа беру ненің белгісі?
2 жыл бұрын 5091

Ассаламуғалейкум! Түсінде садақа беру не білдіреді?

Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Түсінде садақа бергеннің түс көрушіге қарай мәні де әртүрлі болмақ:

1) Егер ғалым адам түсінде садақа бергенін көрсе, бойындағы білімін адамдарға жаяды деген сөз.

2) Егер, патша (басшы) түсінде садақа бергенін көрсе, билігінің алаңы кеңейеді дегенді білдіреді.

3) Саудагер түсінде садақа берсе, саудасы артады дегендік.

4) Шебер (ұста, қолөнерші) садақа бергенін түсінде көрсе, қол астындағы жұмысшыларына шеберлігін үйретеді (немесе адамдар шеберлігінің пайдасын көреді).

5) Кім түсінде бір міскінді тамақтандырған болса, қайғы-мұңнан арылып, қауіптен аман болады.

6) Кедей кісі түсінде садақа бергенін көрсе, байлыққа қол жеткізетіндігіне жорамалданады.

7) Кім түсінде пітір садақа берсе, оның намазы мен зікір-тәспихаты артады және қарызы болса, қарызынан құтылады, сондай-ақ, жыл бойы ауру-сырқаудан дінаман болады1.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхәмдулилләһи Раббиль аләмин!


1Ибн Сирин, «Тәфсируль әхләм». Садақа.