Түсінде Меккені көрсе, ол ненің белгісі?
Түсінде Меккені көрсе, ол ненің белгісі?
7 жыл бұрын 49977

Сәлеметсіз бе! Түсте Меккеге барып, қайту не мағынаны білдіреді? Марал

Сәлеметсіз бе! Түсінде Меккені көрген адамға қажылыққа бару нәсіп болады делінген кітаптарда. Атақты түс жорушы, сахабалардан тәлім алған табиғин ғұлама Ибн Сирин (ө.ж.х.110 ж) өзінің «Тәфсируль Ахләм»[1] атты кітабында былай дейді:

«Кімде-кім түсінде Меккеге қажылық жасау үшін шыққанын көрген болса, Алла қаласа, оған қажылыққа бару нәсіп болады»[2].

Қалай болғанда да Мекке - қасиетті мекен. Оның түске кіруі - әлдебір жақсылықтың нышаны екені сөзсіз. Сондықтан да, оны ғалым айтпақшы қажылық сапарына жоруға болады. Немесе діннен ұзақ жанға маңдайды сәждеге қойып, намазға жығыл деп тұрған ескертуші ретінде қабылдауға болады.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім!  


[1] Толық аты: Әбу Бәкір Мұхаммед ибн Сирин әл-Басри. Атақты «Тәфсируль Ахләм» атты түс жору кітабының авторы. Дегенмен  аталмыш кітаптын авторы Ибн Сирин емес,  Әбу Саъид әл-Уаъиз деген атпен танымал, Абдуль Мәлик ибн Мұхаммед әл-Харкуши ән-Нисабури есімді Шафиғи ғұламасына тиесілі дейтін зерттеушілер де бар.
[2] Ибн Сиирин: Мъжаму тафсируль Ахләм. 1081 бет. «Мим» әріпі.    

Абдусамат Қасым