"Түсінде мархұм болған әкесінің тірі жүргенін көрсе, ол ненің белгісі?"
"Түсінде мархұм болған әкесінің тірі жүргенін көрсе, ол ненің белгісі?"
12 ай бұрын 12799

Сәлеметсіз бе! Жақында әкем қайтыс болған. Мен әлі де сенгім келмейді, өзіме келе алмай жүрмін. Түсіме екі рет кірді, қайта тіріліпті. Енді ойлай беремін, жүрегім қатты ауырып жүр. Мүмкін қабірде қайта оянып кетіп қиналып жатыр ма деп. Не істеуге болады? Анон.

Бисмилләһир рахманир рахим

Құрметті сауал жолдаушы, қайтыс болған анасын немесе қайтыс болған әкесін түсінде тірі жүргенін көру - сол сәттегі қайғы-мұңы тарқайтындығының белгісі делінеді. Қуанышқа бөленеді. Мысалы, Ибн Сириннің «Түстердің тәпсірі» атты кітабында былай делінген: 

«Түсінде анасының тірілгенін көрсе, ол адам қайғысынан арылып, қуанышқа бөленеді, сондай-ақ, әкесінің тірі екенін көру де сондай мәнде...»1. 

Ендеше, әкеңіздің қазасына қатты қайғырып жүрген болсаңыз, Құдай қаласа, түсіңіз - қазаның арты жақсылық болып, қайғыңыз тарқайтындығына және қуанышқа бөленетіндігіңізге ишара. 


1Ибн Сирин: «Тәфсируль Әхләм».

Абдусамат Қасым