Мен түсімде «Фатиха» сүресін оқып жатыр екенмін ол нені білдіреді? Күнсұлу.
Түсінде «Фатиха» сүресін оқыса, ол нені білдіреді?
|
Түс жору кітаптарында айтылған мәліметтерге қарағанда, түсінде:
- «Фатиха» сүресін оқығанын көру - жақсылықтың есігі ашылып, жамандық есігі жабылатындығын білдіреді.
- «Бақара» сүресін оқыған кісінің өмірі ұзақ, діндарлығы артады.
- «Кәһф» сүресін оқыса, амандықта болып, ұзақ жасайтындығы соншалықты, ақырында Аллаға қайтуды көксей бастайтындығына ишара.
- «Тәбәрак» сүресін оқығанын көрсе, мал-дүниесі артатындығын білдіреді.
- «Ықылас» сүресін оқығанын көрсе, сынаққа тап болады, бірақ абыройы артады және иманына селкеу түспейді. Кейбір болжаушылардың айтысына қарағанда, «Ықылас» сүресін түсінде оқығанын көрсе, ол ажалының жақындағандығына ишара екен. Мәліметтерге қарағанда, тәбиғин Саъид ибн Мүсәйяб (р.а.) деген ғалымға бір кісі түсінде ықылас сүресін оқығандығын айтады, сонда тәбиғин оған: «егер түсің рас болса, ажалың жақындаған екен» депті. Расында да, табиғин айтқандай болыпты.
- «Фәләқ» сүресін оқығанын көрсе, Алла тағала оны адамдар мен жындардың кесірінен қорғайды, сондай-ақ, дуашылар мен көреалмаушылардың жамандығын бертарап қылады.
- «Нас» сүресін оқығанын көрсе, бәле-жаладан аман болып, шайтанның әскерлеріне қарсы Алланың панасында болады (оған зияндары тимейді)1.
Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамадулилләһи Раббиль аләмин!
1Ибн Сирин, «Тәфсируль ахләм».
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар
■
Іштегі жаман ойлар жазыла ма?
■
Қасқырдың терісін неге іледі? Үйге аңның терісін ілуге бола ма?
■
Хатым Құранды соңына дейін қалай аяқтауға болады, екі-үш парадан кейін тастап қойып жатырмын?
■
Имам намазда рукуға барғанда кешігіп келген адам үлгерсін деген мақсатта рүкуғды созуына бола ма?
■
Жаңа жыл қарсаңындағы жеңілдіктерді (скидка) пайдалануға бола ма?