Түсінде бір әйел адамды босандырып алғанын көру ненің нышаны?
Түсінде бір әйел адамды босандырып алғанын көру ненің нышаны?
3 жыл бұрын 6529

Ассалаумағаликум! Түсімде көлікте жолда келе жатып, бір әйел адамды босандырып алдым бұл ненің нышаны? Жалпы түс жору исламда бар ма? Жеңіс.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Исламда түс жору деген бар. Бірақ әркім түсті жори бермейді. Оның да өзінің адамы болады. Түс жорушы кісіні «муаббир» дейді.  Мәселен, Юсуф пайғамбардың түсті тура жорып, анық айтатын қасиеті болған. Ол жайында Құранда арнайы қисса да келтіріледі. Түс жору Құдай тарапынан берілетін қабілет. Әркімге нәсіп бола бермейтін рухани ілім. Тарихта Ибн Сирин, Мұхиддин Араби сынды атақты түс жорушы «муаббир» кісілер өткен. Пайғамбарымыз (с.а.у.) түсті әркімге жорыта бермеуді кеңес етеді. Жоритын кісіні жақсылыққа жоруға шақырған. 

Біз түс жорушы емеспіз, дегенмен кейбір мәліметтерге қарасақ, түсінде бір әйел адамды босандырып алғандығын көруі – түрлі дағдарыстар мен проблемаларды жеңіп шығатындығының нышаны делінген. Сондай-ақ, өзге біреуге жәрдем қолын созатындығын да білдіреді деседі. Әрідесе, түс иесінің жақсы мінез құлыққа ие екендігін және адамдармен жақсы қарымқатынаста болғандығын да көрсетеді делінеді. Анығы бір Аллаға мәлім! Алла Тағала баршамызға екі дүниеде де жақсылығын берсін!

Абдусамат Қасым