Сәлеметсіз бе! Мен түсімде Меккеге барып, зәмзәм суын ішіппін. Бұл түсті жұма күні сағат алты жарым-жетілерге таман көрдім. Нені білдіреді? Дияна.
|
Түсімде Меккеде зәмзәм суын ішіппін. Ол нені білдіреді?
|
Сәлеметсіз бе!
Түстер "Рахмани түс" және "Шайтани түс" болып бөлінеді. Рахмани түстер көбіне сәресі уақытында кіреді делінген. Сіздің көрген түсіңізді қазіргі мезгілдегі уақытпен есептесек сәресі уақытымен тұспа-тұс келіп тұр. Сондықтан да, иншаАлла, көрген түсіңіз «Салиқалы түстер» қатарынан деген үміттеміз.
Енді оның мағынасына келер болсақ, мәліметтерде «түсінде Мекке қаласында зәмзәм суын ішу жақсылықтың нышаны» делінген. Бұндай түсті түс жору кітаптарында былай деп жорыған:
«Кімде кім (Меккеде) түсінде зәмзәм суын ішсе, ол өңінде жақсылыққа кенеледі және қалаған жақсылығына қол жеткізеді» - делінген1.
Алла жақсылығын бергей!
1 Ибн Сирин: «Тәфсируль ахләм» (Түстердің жорамалы). №14 тарау. Қажылық.
Өзекті сұрақтар
■
«Намаз мені тастап кетті» деген сөздің негізі бар ма? Намаз адамды тастай ма?
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?