Түсімде мархұм әжем маған ақша беріп жатыр екен. Ол нені білдіреді?
Түсімде мархұм әжем маған ақша беріп жатыр екен. Ол нені білдіреді?
2 жыл бұрын 3425

Түсімде қайтқан әжем түрін бұзып, маған қағаз ақша беріп жатыр, ол нені білдіреді? Анар.

Аса қамқор ерешке мейірімді Алланың атымен.

Түсінде бақилық кісінің дүние беруі – күтпеген жерден жақсылыққа қол жеткізетіндігінің белгісі делінген. Бұған қатысты атақты табиғин, түс жорушы Ибн Сирин «Түстердің тәпсірі» атты еңбегінде былай дейді:

«Түсінде өлген адамның ұнамды бір дүниелік затты бергенін көрсе, онысы – күтпеген жерден бір жақсылыққа қол жеткізетіндігін білдіреді»1.

Сондықтан да, түсіңізде әжеңіздің сізге ақша беріп жатуы – алдағы өміріңізде күтпеген жерден табысқа кенелетіндігіңізге ишара деген ойдамыз. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!


 1Ибн Сирин: «Тәфсирул Әхләм» - 1116 бет, әл-Мәит/ الميت .

Абдусамат Қасым