Түшкірген адам әлхамдулилләһ деп айтпаса да, оған «ярхамукаллаһ» деу керек пе?
Түшкірген адам әлхамдулилләһ деп айтпаса да, оған «ярхамукаллаһ» деу керек пе?
2 жыл бұрын 7821

 Түшкірген адам әлхамдулилләһ деп айтпаса да, оған «ярхамукаллаһ» деу керек пе?

Бисмилләһир рахманир рахим

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) үйретуі бойынша түшкірген адам: «әлхамдулилләһ» (الْحَمْدُ لِلَّه) дейді. Оны естіген қасындағы мұсылман: «йәрхамукәллаһ» ( يَرْحَمُكَ اللَّه) деуі тиіс, мұны «тәшмит» дейді. Ал түшкірген кісі оған жауап ретінде: «Йәһдинә уә йәһдикумуллаһ уә юслих бәләкум» (يَهْدِيكُمُ اللَّهُ وَيُصْلِحُ بَالَكُمْ ) деп айтады[1]. 

Ал егер түшкірген кісі «әлхәмдулилләһты» айтпаса, оған «тәшмит» айту (ярхамукалла деу) керек пе? 

Түшкірген адам «әлхамдулилләһ» деп айтпаса, оған жауап ретінде «ярхамукәллаһ» деп айту шарт емес, тіпті ол кезде «тәшмит» айту мәкруһ болады дейтін дін ғұламалары бар. (Тәшмит - ярхәмукаллаһ деу). Бұған байланысты сахих хадисте сахаба Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) былай деген:

«Мен Алла елшісінің былай дегенін естідім: «Егер біреулерің түшкіріп, артынан «әлхәмдулилләһ» десе, оған «тәшмит» айтыңдар («ярхамукәллаһ») деңдер. Ал түшкіргеннен кейін «әлхамдулилләһ» демесе, сендер де оған «тәшмит» айтпаңдар («ярхамукаллаһ» деп айтпаңдар»)1.

Қазақ халқында түшкірген адамға «сау бол», «ұзақ жаса», «жәракамалла» деген сияқты тілек сөздерін айтып жатады, бұлай деудің де қате тұсы жоқ. Бірақ сүннетке сай айтам деушілер, жоғарыда білдірген бойынша айтқандары абзал.

Әлхәмдулилләһи Раббиль аләмин!


1Имам Мүслім: «Сахих Мүслім»; Имам Бұхари: «Сахих Бұхари».

Абдусамат Қасым