Түнде терезені ашып жатудың зияны бар ма? Пайғамбарымыз (с.а.у.) не деген бұл жайында?
Түнде терезені ашып жатудың зияны бар ма? Пайғамбарымыз (с.а.у.) не деген бұл жайында?
5 жыл бұрын 55275

Түнде бөлме ыстық болғандықтан терезені ашып жатуға бола ма? Әлде, Пайғамбарымыздың صلى عليه و سلم бұйрығы бойынша мүлдем ашуға болмай ма? Айнұр.

Құрметті сауал жолдаушы, пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейһиссәләм түнде жатарда есіктерді кілттеп, ыдыс-аяқтардың бетін жабуды және шырақты өшіріп жатуды кеңес еткен[1]. Мұндағы ыдыс-аяқтардың бетін жабу - тазалық шарасы десек, есік-терезені жауып жатуды қауіпсіздік шарасы деп түсінуге болады. Үкімі – мұстахаб (ұнамды).

Сондықтан да, терезені ашып жату ешқандай қауіпсіздік тудырмайтын болса, түнде ашып жатудың зияны жоқ, осы орайда терезені ашарда "бисмилләны" айтып ашқан артық болмайды. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!


[1] Имам Бұхари: «Сахих Бұхари» -Әшриба»; Имам Мүслім: «Сахих Мүслім» - Әшриба: Сахаба Жәбір риуаят еткен хадисте Алла елшісі былай дейді: «Үйге кіргеннен кейін «бисмилләны» айтып есікті жап. Өйткені, шайтан (бисмилләмен) жабылған есікті аша алмайды. Бисмиллә деп шырағданды өшір. Бисмиллә айтып көлденең қоятын бір шыбықпен болса да шелектердің бетін жап (шыбықты көлденең қой). Бисмиллә деп су құйылған ыдыстың бетін жап».

Абдусамат Қасым